Спорт • 23 Қыркүйек, 2021

«Астана» клубының өкілі Әлемдік біріншілікте қола жүлде еншіледі

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгияда веложарыстан Әлем біріншілігі жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана» клубының өкілі Әлемдік біріншілікте қола жүлде еншіледі

22 қыркүйекте велошабандоздар Нокке-Хейст-Брюгге қалаларының арасында 44,5 шақырым қашықтықта аралас командалық эстафетада (үш еркек және үш әйел) бақ сынап, медальға өзара таласты. Капитан Тони Мартин бастаған Германия құрамасы әлем чемпионы атанды. ІІ орынды Нидерланды спортшылары иеленсе, ІІІ орын итальяндықтарға бұйырды.

Италия құрамасының намысын Astana club велошабандозы Маттео Собреро қорғады.

Соңғы жаңалықтар