Қоғам • 23 Қыркүйек, 2021

«АрселорМиттал Теміртау» басшысы Қазақстан билігіне алғыс айтты

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Биджу Наир кәсіпорында қол жеткізілген вакцинация көрсеткіші, әлемдегі ArcelorMittal компаниялар тобындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін хабарлады. Ол компания қызметкерлеріне видеоүндеу жолдап, алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«АрселорМиттал Теміртау» басшысы Қазақстан билігіне алғыс айтты

«Вакцина алғандардың 90 пайызы - біздің 32000-нан астам қызметкерлеріміз және біздің мердігерлердің 4000-нан астам қызметкерлері, яғни барлықтарыңыз. Бұл бәріміз үшін үлкен жеңіс!», деді Биджу Наир.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ барлық менеджерлері де коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды.

Биджу Наир Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, сондай-ақ, премьер-министр Асқар Маминнің вакцина науқанын ұйымдастырудағы рөлін атап өтті.

«Қазақстан вакцина қолжетімді ғана емес, оларды таңдау мүмкіндігі бар  санаулы елдерінің бірі. Ұлттық вакцина да әзірленді», деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры.

Биджу Наир Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке компания қызметкерлері үшін вакцинацияны ұйымдастыруға белсенді көмектескені үшін алғыс білдірді. Егу пункттері, медицина қызметкерлері барлық қажетті жабдықтарымен бірге кәсіпорындар аумағында жұмыс істеді.

Биджу Наир өз үндеуінде әлі COVID-19 вакцинасын алмаған адамдарды тез арада вакцинациялауға шақырды. Ол вакцинация - адам өмірін сақтап қалудың бірден-бір жолы екенін еске салды.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03