Студенттердің көпшілігі Ресей университеттерінен ауысты. Сондай-ақ бұрын АҚШ, Қытай, Франция, Мажарстан, Чехия, Польша, Түркия университеттерінде оқыған, бірақ Қазақстанда оқуын жалғастыруға шешім қабылдаған студенттер де бар.
«Қысқы және жазғы сессияның қорытындысы бойынша бұрын шетелде білім алған 11 мыңнан астам студент қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысуға ниет білдірді. Олар жеңілдетілген ауысу тәртібі бойынша қабылданып, қазір отандық жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Мәселен, олар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Нархоз университеті, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және басқа да жоғары оқу орындарына қабылданды. Өткен жылы шетелдік жоғары оқу орындарынан 15 мыңға жуық студент біздің университетімізге ауысты», деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.