
«Тамақтану жайын сөз еткенде ет пен майдың төңірегінде ғана әңгіме болмауы керек. Қазір құрамында түрлі дәруменге бай көкөніс түрлері жеткілікті. Олар ет пен нанның құрамында бар қуаттылықты алмастыра алады.
Көкөністердің қоректік қасиетінің күштілігі сонша, оларды үзбей жеген адам қатерлі ісік, қант диабеті, жүрек-қантамыр ауруларына тосқауыл қойып, өзі сергек бола түседі», деді Төрегелді Шарманов.
Академик көкөністердің құрамында дәрумендер мен микроэлементтерден бөлек пайдалы заттар бар екенін алға тартты. Мысалы, қызанақтың құрамында ликопен деген зат бар, салат құрамында лютеин, қырыққабатта сульфорафан, пиязда кверцетин, көк шайда катехин бар. Аталған заттар адам ағзасына қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген.
«Қазақтар бұрыннан көкөніс пен жеміске менсінбей қарайды. Қазір бұлай немқұрайлы қарауға болмайды. Бұрын қазақтардың өмір сүру ортасы бөлек болатын. Далада мал бағып, табиғат аясында жүретін. Сыртқы жағдайлар адам ағзасына бірден әсер етеді. Суыққа да, ыстыққа да төтеп беру керек. Сондықтан күнұзақ далада жүретін адамдарда энергия шығыны көп болатыны түсінікті. Осыдан барып құнарлы, майлы тағамдар тұтынған. Бұл тағам түрлері сол кездегі өмір сүру жағдайына сай. Отырықшылыққа көшкелі жағдай өзгерді. Қазіргі кезде дәл солай тамақтанатын болсақ, оның пайдасынан гөрі зияны көп болмақ. Бір қарағанда біздің өмір сүру салтымыз сол қалпында қалған сияқты болып көрінеді, бірақ олай емес. Өмір сүру ортамыз өзгерді. Энергия шығыны аз, сол себепті ішкен асымыз бойымызға жинала береді. Мұның соңы семіздікке апарып соғады. Оның зардабы орасан: қан тамырлары бітеліп қалады, қан қысымы жоғарылайды, қатерлі ісік, жүрек-қантамыр аурулары мен қант диабеті, т.б. сырқаттар пайда болады, инфекциялы аурулар созылмалы болып келеді», деп жазады академик.
Шармановтың жазуынша, етті көп жеу дәрумендердің жетіспеушілігіне әкеп соғады. Соның салдарынан ағзаның қорғаныс қабілеті төмендейді.
«Екіншіден, салыстырмалы түрде, бұрын – ет, қымыз, құрт, ірімшік, май т.б. тағам түрлері жеткілікті еді. Қазір бұл тағамдарды тұтыну қымбатқа түседі, көпшіліктің қолы жете бермейді. Сондықтан қолы жеткен асқа қанағат етеді. Қолға түскен асты жей береді. Мұның өзі әйтеуір қарын толтырсақ болды дегенге саяды. Мәселен, нанмен шай іше салады. Кейбіреулер мүмкіндігінше сүт өнімдерін пайдаланады. Бірақ, ет пен көкөністерді сатып алуға көпшілік жұрттың ақшасы жете бермейді.
Көбіне біздің жейтініміз бидай ұнынан жасалған тағамдар. Оларда адам ағзасына қажетті элементтер, қоректік заттар өте аз. Сол себепті адамдардың физикалық мүмкіндігі нашарлайды, еңбек ету, ойлау қабілеті төмендейді, әлсіздік пайда болады. Рухани жұтаңдықтың пайда болуы да содан. Біздің елімізде қан аздығы, қатерлі ісік, туберкулез, қант диабеті, қан қысымы аурулары көп кездеседі. Мұның бәрі дұрыс тамақтанбаудың кесірінен», деп қорытындылады Төрегелді Шарманов.
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Қазақстан • Бүгін, 08:33
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
Қоғам • Бүгін, 08:30
Электронды бақташының ерекшелігі
Аймақтар • Бүгін, 08:25
БАҚ-тан бата алған баспасөз хатшысы
Қоғам • Бүгін, 08:15
Сурдлимпиада: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады
Спорт • Бүгін, 08:10
Президент БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 08:05
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар