Бұл туралы Mash телеарнасы мәлімдеді.
Сол күні дәрігер Владимир Жерноклеев әдеттегідей пациенттерді қабылдап отырған. Ал түстен кейін дәрігердің қабылдауына хиджаб киген әйел келеді. Оған медициналық тексеріс аясында дерматовенеролог дәрігердің қарауынан өту керек еді. Бастапқыда келіншек өзін ер адам қарағанын қаламаған.
Алайда Жерноклеев басшылық арқылы әйелді дәрігердің қабылдауына жазылуға кеңес берді, деп хабарлайды Mash арнасы.
Содан кейін хиджаб киген әйел келісім берді. Ал Жерноклеев пациенттің ішін қарап шықты. Әйел шығып кеткеннен кейін кабинетке оның күйеуі кіріп келіп, «әйелдердің ішін ұстап көргенді жақсы көреді екенсің!», деді де, дәрігерді соққыға жықты.
Видеода дәрігердің мұрны қанап қалған. Соққыдан миы шайқалған, бас сүйек-ми жарақатын алды. Ал дәрігерді соққыға жыққан ер адам ұсталды.
Дәрігердің айтуынша, бұған дейін талай әйелді қараған. Олардың ішінде мұсылман келіншектер де бар. Бірақ жанжал шығарған адам болған жоқ.