Экономика • 24 Қыркүйек, 2021

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын – АШМ

800 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанд 15,4 млн гектар (96,8%) жердегі дәнді және дәнді-бұршақты дақыл орылды, деп жазады Egemen.kz.

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын – АШМ

«Орташа өнімділік гектарына 9,6 центнерден айналып, 14,8 млн тонна астық жиналды. Оның 11,6 млн тоннасы бидай. Сондай-ақ 616,7 мың тонна майлы дақыл, 2,9 млн тонна картоп, 4,1 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды», деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Астық егетін негізгі аймақтар – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,5 млн гектар егіс алқабы орылды. Бұл жиналуы тиіс жалы алаңның 98,9%-ы. Орташа өнімділік гектарына 8,8 центнерден айналып, 10,0 млн тонна астық жиналды.

Нақтыланған дерек бойынша, республикада сыйымдылығы 29,3 млн тонна астық сақтайтын мүмкіндік бар.  Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында -12,4 млн тонна, фермерлерде 16,9 млн тонна астық сақтайтын орын бар.

«2021 жылғы егін жинау науқаны аяқталуға жақын және қарқыны былтырғыдан жоғары. Жиын-терім жұмыстарына қатысты барлық мәселе министрліктің бақылауында», деп жазылған хабарламада.