Әлем • 24 Қыркүйек, 2021

Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта өрши бастады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда коронавирус дертіне шалдыққан науқастардың тәуліктік рекорды тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта өрши бастады

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аймақта соңғы бір күннің ішінде 2,5 мың адам инфекция жұқтырған. Десе де, ауыр халде жатқандар мен өлім-жітім көрсеткіші өте төмен. Мамандар бұл вакцинаның арқасында екенін алға тартады.

Сарапшылар жаңа науастардың көптеп тіркелуін елде тойланған ұлттық мерекемен байланыстырып отыр. Билік өкілдері, тұрғындарға демалыстан жұмысқа шығар алдында ПТР-тест тапсыру керек деген талап қойды.