Әлем • 24 Қыркүйек, 2021

Германияда парламент сайлауы өтеді

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германиядағы бундестаг сайлауына 3 күн қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германияда парламент сайлауы өтеді

Германияда сайлауалды науқан қызу жүріп жатыр. Негізгі бәсеке консерваторлардың өкілі – Ангела Меркельдің мұрагері саналатын Армин Лашеттің, социал-демократ Олаф Шольцтің және «Жасылдар» партиясының үміті Анналена Бербоктың арасында өрбиді. Тұрғындар арасында жүргізілген соңғы сауалнама бойынша, Меркельдің жақтастары социал-демократтардан 4 тармақ бойынша артта қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Бундестаг сайлауы 26 қыркүйекке белгіленген. Саяси дода кезінде 60 миллионға жуық азамат дауыс беруі керек. Соңғы 15 жылда алғаш рет бұл сайлауға Ангела Меркель қатыспайды.