Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2021

Қарағандыда ер адамды құлдықта ұстаған

1132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық полицейлер ер адамның бейнеөтінішіне қатысты мән-жайды анықтап жатыр. Видеода ер адам еңбек құлдығына тап болғанын мәлемдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда ер адамды құлдықта ұстаған

Павлодар облысының тұрғыны Қарағандының маңында еңбек құлдығына ұсталғаны туралы хабарлап, бейнеөтініш жазды. Ер адам жұмыс берушісі атқарған жұмысы үшін оған ақы төлемей, тіпті, оны мезгіл-мезгіл ұрып-соғып отыратынына шағымданады.

«Тамыз айында мен Маратқа жұмысқа тұрдым. Железин ауданына барып, онда бір нысанды өңдедік. Ол еңбекақымды төлемеді. Жалақымды сұраған кезде, ол мені ұрып-соқты. Содан кейін Қарағандыдағы екінші нысанға бардық. Онда жұмыс істеп, жалақымды тағы сұрадым. Ол мені тағы ұрды. 21-ші қыркүйекте түскі уақытта нысаннан қашып кеттім. Марат менің ұялы телефонымды, құжаттарым мен жеке заттарымды алып қойды. О бастан бригада құрамында 6 адам болды. Қазір екеуі қалды, оның біреуі - Қырғызстан азаматы. Менің жалақымды төлеуге көмектесуді және оны ұрып-соғу фактісі бойынша жауапқа тартуды сұраймын», дейді ер адам.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл істің мән-жайын анықтап жатқанын түсіндірді.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамға атқарылған жұмыс үшін ақша төлемеу және жұмыс беруші тарапынан ұрып-соғу фактісі бойынша бейнеөтініш жолданды. Аталған факті Қарағанды қаласының полиция басқармасында тіркелді. Полиция қызметкерлері видео авторының – Павлодар облысының 41 жастағы тұрғынының жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта оның орналасқан жері анықталуда», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.