Спорт • 25 Қыркүйек, 2021

Қуат Хамитов AMC Fight Nights басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Сочидегі AMC Fight Nights аралас жекпе-жек турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қуат Хамитов AMC Fight Nights басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Хамитов ресейлік күресші Мариф Пираевпен жекпе-жек өткізді. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептеліп, 30-27, 29-28, 30-27 есебімен төрешілердің бірауызды шешімімен Пираевтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Мариф Пираев кәсіби мансабында отызыншы жеңіске жетті, ал Қуат Хамитов ММА-да жетінші жеңіліске ұшырады.

Айта кетсек, қазақстандық үшін бұл 2021 жылғы үшінші жекпе-жек: бұған дейін Хамитов Қаңтарда ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа жіберді, ал маусымда украиналық Роман Головиновты 10-5 есебімен жеңді.