«Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында көлік айрығын салу» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты Рысқұлов даңғылы бойынша автокөлік қозғалысының схемасына келесі өзгерістер енгізілетін болады:
- 2021 жылғы 26 қыркүйек пен 4 қазан аралығында сағат 23-тен 5-ке дейін Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалыс тоқтатылады;
- Райымбек даңғылының батыс және шығыс бағыттары бойынша Рысқұлов даңғылының оңтүстік бөлігі арқылы өту қамтамасыз етіледі;
- Іргелес көшелер бойынша қозғалыс бұрынғы режимде жүзеге асырылады.