Ел және Елбасы • 25 Қыркүйек, 2021

Мемлекет басшысының Оңтүстік Кореяға сапары жайлы жаңа деректі фильм шықты

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президентінің телерадио кешені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары жайлы жаңа фильм түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының Оңтүстік Кореяға сапары жайлы жаңа деректі фильм шықты

«Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында стратегиялық серіктестік мығым іргетасы қаланған. Екі елді тек экономикалық ынтымақтастық қана емес, сонымен бірге көп жылғы ортақ тарих та біріктіреді. Елдер болашаққа көз сала отырып, барлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Қазақстанға Оңтүстік Корея тарапынан инвестиция көлемінің арта түсуі бұған дәлел бола алады. Автомобильдің өндірістік базасын құру, цифрлық экономикаға инновация, мәдени байланыстарды кеңейту – бұл «Ынтымақтастықтың «самал желі». Мемлекет басшысының Корея Республикасына сапары қорытындысы бойынша ҚР Президентінің телерадио кешені түсірген жаңа фильмді YouTube-арнамыздан көріңіздер», деп хабарлады ҚР Президентінің телерадио кешені Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, өткен айда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапар жасаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар