Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2021

СҚО-да жүк көлігі жылу құбырына соғылды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда жүк көлігі жылу құбырына соғылды. Оқиға салдарынан бірнеше үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да жүк көлігі жылу құбырына соғылды

Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, апат бүгін, облыс орталығындағы Мүсірепов, 6 мекенжайында орын алған.

Жүк көлігі жылу желісіне соғылып, диаметрі 100 мм болатын құбыр жарылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір апат орнында «Петропавл Жылу желілері» ЖШС бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Құбырды қалпына келтіру үшін жылу берушілерге 6 қабатты үйді және бір әлеуметтік нысанды жылудан уақытша ажыратуға тура келді. Жөндеу жұмыстары 2-3 сағатқа созылмақ.

Жылу құбырының жарылғаны туралы бейнеролик әлеуметтік желіде тарады.