Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда Көші-қон комитеті құрылады

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде  Көші-қон комитеті құрылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда Көші-қон комитеті құрылады

«Тиімді еңбек нарығын қалыптастыру үшін елдегі көші-қон саясатын дамыту маңызды. Сондықтан Президент Жолдауында көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Көші-қон комитеті құрылып жатыр», деді Ералы Тоғжанов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.