Спорт • 27 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық спортшы халықаралық турнирден төрт алтын жеңіп алды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы Афины қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан «Афродита кубогі» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық спортшы халықаралық турнирден төрт алтын жеңіп алды

Айбота жекелей сын мен көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ол доппен жаттығудан 19,4, таспаммен жаттығудан 18,4, шығыршықпен жаттығудан 21,8, ұршықпен жаттығудан 17,5 ұпай жинады. 

Осылайша, қазақстандық гимнаст халықаралық бәсекені төрт алтынмен аяқтаған. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.