Парламент • 27 Қыркүйек, 2021

Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бюро мүшелері Сенаттың 2021 жылғы 30 қыркүйекке жоспарланған кезекті отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді

Фото: Е. Үкібаев

Сенаторлар бейсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарайтын болды.

Заң жобасында мемлекеттік сатып алудың 4 жаңа тәсілін енгізу көзделіп отыр. Бір көзден алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін негіздемелер санын қысқарту құжаттағы жаңалық болып отыр.

Сонымен қатар бюрода Мәжіліс мақұлдаған заң жобалары Палата комитеттеріне бөлініп берілді.