05 Ақпан, 2014

Нельсон Манделаның мұрасы үлестірілді

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05 02 - MandelaЖақында Йоханнесбургте Оңтүстік Африка Республикасының экс-президенті Нельсон Манделаның мұрасы үлестірілді. Бұл туралы Azattyg.org хабарлады.

Нельсон Манделаның 4 млн. АҚШ долларынан асатын байлығы отбасы мүшелеріне және Африка ұлттық конгресі мен мектептерге бөлінетін болды. Сот орындарының хабарлауынша, Манделаның мұрасын бөлуге оның отбасы мүшелерінің ешқайсысы қарсы болмаған.

Нельсон Мандела 2013 жылғы 5 желтоқсанда 95 жасқа жетіп қайтыс болды. Оның артында Йоханнесбургтегі және өзі туған провинциядағы үйлері, сондай-ақ бірнеше кітабының сатылымынан түскен қомақты қаржы қалды. Қайтыс боларына дейін Манделаның балалары мен немерелері оның байлығына кім мұрагер болады деген мәселе бойынша жиі дауласып келген екен.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Azattyg.org.

Фото: Reuters.com.

 

Соңғы жаңалықтар