Алматы қаласындағы Әлеуметтік қызметтер үйінің мәжіліс залында Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында азаматтардың және өзге де адамдардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында талдамалық баяндамасының таныстырылымы өтті.

Коллажды жасаған Қонысбай Шежимбай
Аталған баяндама Мемлекет басшысының, халықаралық және ұлттық сарапшылардың оң бағасын алып, Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының жәрдемімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шықты.
Таныстырылымға Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов, Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымы үйлестірушісінің міндетін атқарушы Евгений Хон, Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов қатысты.
Игорь Рогов өз сөзінде баяндаманың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдардың адам саудасына қарсы күрес саласындағы және дағдарыс орталықтарын, сондай-ақ барлық санаттағы трафик құрбандарына, әсіресе, Қазақстанда уақытша жүріп-тұратын, еліміздің аумағында адам саудасының құрбаны болған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы өзара іс-қимыл тетіктерін нығайтуға ерекше назар аударды.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының айтуынша, қазіргі кезде баяндаманы Президент құптап отыр. Ендігі кезекте тапсырма берілгеннен кейін тиісті органдар бұл ұсыныстарды орындайтын болады. Осы орайда Қылмыстық Кодекске тиісті толықтырулар енгізу, өкілетті органдар жұмысын үйлестіруді күшейту, адам саудасы құрбандарын анықтау мен күрес жүргізудің ұлттық механизмдерін жетілдіру, адам саудасына қарсы тұратын жеке заң қабылдау, сонымен бірге қолданыстағы заңнамаға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД елдері және ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттермен әріптестікті нығайта түсу сияқты маңызды мәселелер жұмыс тобының басты назарына алынған.
Адам саудасы құрбандарының құқығын мемлекеттік тұрғыда қорғаудың өте маңызды екендігін атап өткен жұмыс тобының жетекшісі, комиссия хатшысы Тастемір Әбішев аталған баяндаманың Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес, адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау тиімділігін арттыру, сонымен бірге еліміз аумағында адам саудасы мен мәжбүрлі еңбектің құрбандары болған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, барлық адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында дайындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, елімізде атаулы әлеуметтік көмек 2016 жылдан бастап адам саудасының құрбандарына көрсетіліп келеді. Алайда түрлі себептермен Қазақстанға уақытша келген еңбек мигранттары адам саудасының құрбаны болғанда атаулы әлеумет көмек алмайды. Осы орайда АҚШ, Норвегия, Щвейцария мен Голландия елдерінің тәжірибелерін негізге алған Тастемір Әбішев адам саудасына қатысты заң қабылдаған Грузия, Литва, Эстония, сонымен бірге Түркіменстан мен Армения елдерінің көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Әзірге Қазақстанда мұндай заң жоқ. Қазақстан 2008 жылы Палермо хаттамасын ратификациялаған. Хаттамаға қатысушы мемлекеттер елінде тұрғылықты және уақытша тұрып жатқан шетелдік азаматтарға мүмкіндігінше арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі қажет. Статистика бойынша 3 жылда 1100 қылмыс тіркелген. Осы қылмыс түрімен айналысқаны үшін 242 адам сотты болған. Дегенмен Қазақстанда бұл қылмыс түрі жылдан-жылға азайып келеді.
Баяндаманы талқылауға комиссия мүшелері мен сарапшылар Виталий Воронов, Зүлфия Байсақова, Салтанат Сыздықова, Нәзира Асылбекова, Әлия Белоносова және Жұмажан Жолдасбеков қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Таныстырылым барысында Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес қауқарсыз еңбекші мигранттар мен барлық санаттағы адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесіне талдау, уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүргізіліп, Конституция нормалары мен халықаралық стандарттарға сәйкес адам саудасы құрбандарының азаматтық, әлеуметтік-экономикалық, еңбек және мәдени құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты қадамдар атап өтілді.
Баяндаманы таныстыруға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ғалымдар, ҮЕҰ және дағдарыс орталықтарының, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет, бизнес саласының мамандары қатысты.
АЛМАТЫ
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар