Ауа райы • 28 Қыркүйек, 2021

28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста тұман, солтүстік-батыста, оңтүстікте  найзағай ойнайды», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-23 м/с дейін жетеді. Күндіз Түркістан облысының батысында және солтүстігінде  жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Қарағанды облысының батысында, шығыс және орталығында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман түседі.

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, облыстың оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен соғады.

Алматы облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде , солтүстік-шығысында  жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде  жел күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың батысында және оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін.