Парламент • 28 Қыркүйек, 2021

Н.Нығматулин ТүркПА-ның X пленарлық отырысында бірқатар кездесу өткізді

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысы аясында Венгрия, Қырғызстан парламенті, сондай-ақ Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық Парламенттік Ассамблеясы делегацияларының басшыларымен келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н.Нығматулин ТүркПА-ның X пленарлық отырысында бірқатар кездесу өткізді

Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

Кездесуде Нұрлан Нығматулин Түркістан қаласында ТүркПА-ның мерейтойлық Х пленарлық сессиясын өткізудің маңыздылығы мен символдық мәнін атап өтіп, қаланың қазіргі жандануы және жаңаруы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы, Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жүріп жатқанын атап өтті.

Мәжіліс Спикері отырыста қабылданған шешімдер парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

«Биыл Қазақстан мен Қырғызстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Осы уақыт ішінде еліміз айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мемлекет басшыларының маңызды бастамаларын қолдау үшін Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік қатынас, оның ішінде парламентаралық деңгейде де одан әрі дами беретініне сенімдімін», деді Нұрлан Нығматулин Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант  Мамытовпен кездесуде.

1

Мажарстан мен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық Парламенттік Ассамблеясы делегацияларының басшыларымен кездесуде парламентшілердің өзара іс-қимылын нығайту мәселелері талқыланды.

«Қазақстан мен Мажарстан парламентшілері де ел басшылары үнемі көрсетіп отыратын даму жөніндегі ортақ көзқарасын  ұстанады», деп атап өтті Нұрлан Нығматулин Мажарстан Мемлекеттік жиналысының бірінші вице-спикері Марта Матраймен кездесуде.

1

Ал Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық Парламенттік Ассамблеясы Бас хатшысы Асаф Гаджиевпен келіссөздер барысында модельдік заң шығару базасын қалыптастыру, парламенттік дипломатияны нығайту тетіктері туралы сөз болды.