Алматыда 28-панфиловшылар паркінде Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет еткен соғыс және тылдағы еңбек ардагерлеріне арналған жиында Отан үшін от кешкендердің қайтпас қайсарлығы жөнінде кеңінен сөз болды. Салтанатты жиынға Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев қатысып, ардагерлерді Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бастығы Саламат Бектемісовтің ұйымдастырумен өткен жиында ардагерлерге бірінші, екінші және үшінші дәрежелі төс белгілер мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Мұндай құрметке ие болғандар арасында бүгінде жастары тоқсаннан асқан, Сталинград шайқасына қатысқан Василий Косенко, Станислав Головацкий, Владимир Бубнов сияқты соғыс ардагерлері және басқалар бар. Мәдікен Құспанов, Илия Нұров, Баян Жұмашев, сондай-ақ өзге де тыл еңбеккерлері осындай сыйлыққа ие болды. Жалпы саны қырықтан астам соғыс және тыл ардагерлерін құттықтау рәсімінен кейін, құрметті қонақтарға арналып “Жұлдыз” мейрамханасында мерекелік дастарқан жайылды. Атақты әншілер асқақтата ән салып, бишілер мың бұралып би биледі.
Бақыт БАЛҒАРИНА. АЛМАТЫ.
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ АРНАЛДЫ
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қаржы полициясы академиясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл толуына арналған “ХХІ ғасырда жастарды патриоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелері” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференцияға аталған агенттік пен академия қызметкерлерімен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, “Нұр Отан” ХДП және жергілікті атқару органдарының өкілдері, ғалымдар қатысты. Шараның ашылу салтанатында сөйлеген Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары С.Әшімбаев бұл жеңіс аталарымыз бен ағаларымыздың, апаларымыздың біздің қазіргі және болашақ өміріміз үшін Отан қорғаудағы жан беріп, жан алысып, аянбай күрескен ерлігі. Сол үшін де біз оларға бас иіп, құрмет көрсетеміз. Осы орайда Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қаржы полициясы академиясына Ұлы Отан соғысының батыры, Халық қаҺарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру туралы жұмыстарды жүргізіп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін жастарды оқытып шығаратын академияның беделін одан әрі асқақтатып, Отаны үшін, елі үшін, адалдық пен әділдік үшін күресетін нағыз қайсар да қайтпас мамандарды даярлау деді.
Конференция жұмысына келгендер, ең алдымен, академияның Құрмет аллеясындағы Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан есіл ерлерді бір минөт үнсіздікпен еске алды. Онан соң академия тыңдаушылары алаңда салтанатты шерумен жүріп өтіп, жекпе-жек күресі мен қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің небір түрлерін көрсетті. Ардагерлер мен қонақтардың назарына Ұлы Отан соғысындағы оқиғаларға қатысты жазылған тың көркем әдеби дүниелер мен тарихи құжаттар және сол кездің нақ өзін боямасыз бейнелейтін суреттер көрмесі ұсынылды. Конференция барысында оған қатысушылар Ұлы Отан соғысының қасіреті мен нәтижелерін еске ала отырып, бүгінгі өскелең жастарды париоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқыға салды.
– Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл толу қарсаңында өтіп жатқан бұл конференция біздерге аға ұрпақтың көрсеткен ерлігін ұмытпай, елімізге қызмет етуде бір кісідей бірлік пен татулықта болуға, қоғамымызға қауіп төндіретін жемқорлармен күрес жолын жетік оқып үйренуге, халыққа жан аямай еңбек ете білуге жетелейді, – дейді бізбен әңгімелескен академияның екінші курс тыңдаушысы Нұрдәулет Өтебаев.
Александр ТАСБОЛАТОВ.

Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес
Жастар • Бүгін, 16:48
Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды
Президент • Бүгін, 16:38
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Марқұмның күйеуіне қатысты видео тарады
Оқиға • Бүгін, 16:29
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңдағы өзгерістерді өңірлерде түсіндіреді
Ата заң • Бүгін, 16:15
Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Роналду «Әл-Насрдан» мерзімінен бұрын кетуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:44
Алматыда ірі жол апаты болды: Такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Өнер • Бүгін, 15:25
Оқушыларға мамандық таңдасатын ЖИ-агент іске қосылды
Білім • Бүгін, 15:11
Алматы • Бүгін, 15:02
Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды
Аймақтар • Бүгін, 14:23
Ыстықкөлдегі курорттық нысандар қашан жаңғыртылады?
Сенат • Бүгін, 14:15
HUMAN-AI: Қазақстанның тағы бір жоғары оқу орны халықаралық жобаға қосылды
Білім • Бүгін, 14:08
Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:01