Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021

Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілерден 50 млн теңге өндірілді

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында айыппұл төлемей жүрген көлік иелерінен 50 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілерден 50 млн теңге өндірілді

Алматыда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы аяқталды. Рейд барысында әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ прокуратура өкілдері мен жеке сот орындаушылары әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алды.

«Екі күн ішінде атқарушы орган қызметкерлерімен бірге мемлекеттік бюджетке 50 миллионнан астам теңге жиналды. Айыппұл төлемеген 32 көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, 298 жүргізуші 35 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл бойынша берешегі бар екендігі туралы ескерту алды, сондай-ақ, бұрын жеке сот орындаушыларымен 71 миллионнан астам сомаға арестке қойылған көліктер ұсталды», деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Оның айтуынша, шара барысында әкімшілік айыппұл салынған 600 мың теңгеден асатын берешегі бар тұрғын анықталды. Қарызы толық өтелгенше оның да көлігі арнайы тұраққа қойылды.