06 Ақпан, 2014

Өнердің өшпейтін іздері

350 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Астана Опера» театрының алғашқы қадамынан бастап бүгінгі күнге дейінгі

тарихы баяндалатын фотокөрмеден алматылықтар ұмытылмас әсер алары сөзсіз.

13

Дәл осы кезде Алатаудың бөктері алабөтен күй кешіп жатыр. «Астана Опера» театрының труппасы өз бағдарламасын паш етуде. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрын бетке алып ағылған жұрттың бар мақсаты мұндағы фотокөрмеден елордалық жас театрдың арман болған ішкі, сыртқы сымбатын тамашалап сүйсіну. Бұрын тек Үлкен театрға, Ла Скалаға адамдар қаншама күні бұрын билет сатып алып, әзер дегенде кіреді дегенде, мұндай аты адамзатқа арман болған ғажайып мәдениет ошақтарына сырттай сүйсініп, «шіркін, бізде қашан сондай тамаша театрлар пайда болар екен?» деп, алдағы күндерге үміт артқаннан басқа түк амалымыз қалмайтын. «Астана Опера» театры көп­тің көкейіндегі үміт отын үрле­ген сол жарық сәуле сияқты. Құрылғанына аз уақыт болғанына қарамастан, оның сахнасында атағынан ат үркетін небір танымал тұлғалар өнер көрсетіп үлгерді. Жаңадан қаншама туындылар сахналанды. Осы жетістіктер театрдың әлі-ақ әлемдік деңгейге көтерілетініне сендіретіндей. Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының екінші қабатына жайылған фотокөрме осындай жарқын ойға жетелейді. Жаңа театрдың қалай дүниеге келгені қызықты оқиғаларға толы. Құлаққа бір сарқылмас сарын құйылады. Әлгі сарын сәлден соң қиял қанатына айналып, жазық далаға қарай алып ұшады. Мұнда жарқырап бой көтерген ақ шағала тәріздес аппақ отау алдыңыздан ұшырасады. Әр фото тіршіліктің нағыз буырқанған бұлағына бастайды. Көрмеде әрқайсысы төрт фотодан тұратын 12 стенд орналасқан, онда «Астана Опера» МОБТ тарихының алғашқы беттері туралы сыр шертіледі. Постердегі ақпарат пен суреттер «Астана Операда» сахналанған алғашқы қойылымдар жайында, атап айтқанда, қазақ операсының інжу-маржаны саналатын Мұқан Төлебаевтың «Бiржан-Сара», заманымыздың көрнекті қоюшы хореографы Ю. Григоревич қойған П. И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балеті, италиялық Пьер Луиджи Пицци сахналаған «Аттила» операсы және де әлемдік тұсаукесер туралы тартымды баяндайды. «Роден» және «Ромео мен Джульетта» балеттері бейнеленген суреттер көрермен назарынан тыс қалмасы анық. Себебі, мұнда спектакльдердің декорациясы мен костюмдері түгел қамтылған. «Астана Операның» үлкен за­лын, камералық музыка концерт­терін және халықаралық конференция өткізуге арналған ка­ме­ралық, сондай-ақ толық­қан­ды жұмыс іс­теуге көшкен кі­ші залдарды көз­бен көргендей әсер түйдіретін фото­шежірелер «Клас­сиканың жаңа жасы», «Хор музы­касының ке­ші», «Петя және қасқыр», «Ұлы есімдер: Й. Гайдн және В. Мо­царт», «Жаңажылдық сер­пантин» сияқты басқа да көп­те­ген тақы­рып­тарды алға тартады. Негізін Елбасының өзі қалаған алғашқы заманауи театр тарихы түгел қамтылған «Астана Опе­ра» ат­ты көрме небәрі бір апта, ақ­пан­­ның 3-і мен 10-ы аралығында өтпек. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар