Нұр-Сұлтанда қала басшылығының қолдауымен Бахрейн Корольдігімен бірлесіп салынған №91 мектеп-гимназиясы ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан жаңа мектеп 1200 оқушыға арналған.
Оқу орнының ресми ашылу салтанатына елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов және еліміздің Корольдік гуманитарлық қорының Бас хатшысы, доктор Мұстафа әл-Саид бастаған Бахрейн Корольдігінің делегациясы қатысты.
«Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Мерейтой қарсаңында елордада үлкен және ауқымды мектептің құрылысы аяқталып, оқу процесі басталды. Оқушылар мен педагогтарды дәстүрлі форматта оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Пандемияға байланысты оқушылар 1,5 жылдан астам уақыт қашықтан оқуға мәжбүр болды. Қазір оқушылардың жоғары деңгейде білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Біз әрқашан осындай идеялар мен әлеуметтік жобаларды қолдауға дайынбыз. Болашақта бауырлас елдермен осындай жобаларды одан әрі жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», деді Асхат Оралов.
Жаңа мектеп ғимаратында 62 кабинет және 11 зертхана бар. Мұнда еңбек кабинеттері, қыш шеберханасы, 418 орындық асхана, спорт және акт залдары, коворкинг аймағы, лингвистикалық кабинеттер және т.б. жабдықталған.
Мектеп қазақ және орыс тілінде оқытады. Негізгі оқыту тілдерінен бөлек араб, француз және неміс тілдері де оқытылады.
Ғимараттың үшінші қабатында 5 елдің – Қазақстан, Бахрейн Корольдігі, Ұлыбритания, Франция, Германия мәдениетін дәріптейтін мектеп мұражайы орналасқан. Сонымен қатар, мектеп кітапханасында 5 елдің көркем әдебиеті бар.
«Оқушыларымыздың араб, ағылшын, неміс, француз сияқты шет тілдерін қосымша оқуына мүмкіндігі бар. Біздің көптілділік тұжырымдамамыздың негізінде мектептің дизайны да рәсімделген. Бірінші қабат Қазақ хандығы стиліне безендірілген, екінші қабат – Бахрейн Корольдігі, үшінші қабат – француз тілі, төртінші қабат – неміс тілі. Мақсатымыз – балалардың толерантты болуы және шетелде оқу мүмкіндігіне ие болуы, сол сияқты басқа елдердің мәдениетіне деген сүйіспеншілігін дамыту. Бірақ өскелең ұрпақтың өз елінің патриоты болуына баса көңіл бөлінеді. Мектеп оқу үрдісіне қажетті барлық заттармен толық жабдықталған, ұлдар мен қыздарға арналған көркем еңбек кабинеттері бар. Оның ішінде – тігін шеберханасы, аспаздық дағдыларды игеруге арналған ас үй, станоктары бар металл және ағаш өңдеу шеберханасы, қыш және т.б. бар», деді №91 мектеп-гимназиясы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Ахметова.
Қазір мектепте 1 370 бала оқиды. Оқыту – тегін.
«2021 жылы Нұр-Сұлтанда барлығы 15 мектеп пайдалануға беріледі, бұл 40 мыңнан астам оқушы орнын құрайды. Олардың көпшілігі ашылды», деп жазады қала әкімінің ресми сайты.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар