Мексика Құрама Штаттарында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында қаулы етемін: 1. Мехико қаласында (Мексика Құрама Штаттары) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 қаңтар. №746