06 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №747

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кувейт Мемлекетінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында қаулы етемін: 1. Эль-Кувейт қаласында (Кувейт Мемлекеті) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 қаңтар. №747