Парламент • 29 Қыркүйек, 2021

Нығматулин Әзербайжан Милли Межлисінің Төрағасымен кездесті

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанда алғашқы ресми сапармен жүрген Әзербайжан Милли Межлисінің спикері Сахиба Гафаровамен келіссөздер жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Нығматулин Әзербайжан Милли Межлисінің Төрағасымен кездесті

Мәжілістегі кездесуде Нұрлан Нығматулин мен Сахиба Гафарова парламентаралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сонымен бірге Қазақстан мен Әзербайжан басшылары арасындағы келісімдерді заңнамалық қолдау, сондай-ақ жан-жақты даму мүмкіндіктерін атап өтті. 

1

Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанмен қарым-қатынасты нығайтуға қосқан ерекше үлесін еске салды. Сонымен қатар бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакумен ынтымақтастықты тереңдетуге үлкен мән беретінін атап өтті.

«Біздің елімізді ортақ мәдениет, дәстүр, ортақ өткен тарих байланыстырады», деді Сахиба Гафарова.

Сондай-ақ биыл екі елдің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толғаны туралы айта отырып, екі халықтың бас қосуы мен елдердің жаңғыруындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзербайжан Президенті Гейдар Әлиевтің тарихи рөліне тоқталды.

Нұрлан Нығматулин мен Сахиба Гафарова ынтымақтастық топтарының, мамандандырылған комитеттердің бірлескен жұмысын жандандыруды, заң шығару тәжірибесімен алмасуды жалғастыруға келісті. 

Тараптар Түркістан қаласында өткен ТүркПА Х пленарлық отырысы туралы да пікір алмасты және кездесуде қабылданған шешімдер парламентаралық диалогты нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.