Ресей президенті Владимир Путин экстремистік кез-келген қылмысқа қарсы жазаны күшейтті. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Жоғарыда аталған мәселеге қатысты заңға түзетулердің енгізілуіне орай, енді қоғамды экстремизмге шақыру әрекетіне 300 мың рубльге дейін айыппұл салынады және 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Сондай-ақ экстремистік ұйым құру әрекетіне 500 мың рубльге дейін айыппұл мен 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
Жаңадан енгізілген түзетулерге сәйкес, экстремистік әрекеттің интернет арқылы таралуына шектеу қойылып, интернет пайдаланушылардың үнемі бақылауда болатыны күтілуде. Ал Владимир Путин әзірге қол қоймаған теракт ұйымдастыру мен оны қаржыландыру әрекеті үшін берілетін жазаға байланысты түзетулер өмір бойына бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Ресей билігі 2013 жылғы желтоқсанның соңында Волгоградта орын алған екі бірдей жарылыстан кейін қолданыстағы заңға түзету енгізуді жеделдетті.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Lenta.ru.
Фото: Ria.ru.
• 06 Ақпан, 2014
Владимир Путин экстремизмге қарсы жазаны күшейтті

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше