Биылғы наурыз айының соңынан бастап Дубайға барған саяхатшылар жергілікті қонақүйлерде өткізген әр түнге салық төлейтін болады. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.
Саяхатшылардан қосымша салық алуды шаһардағы барлық қонақүйлер іске асырады. Оның құны демалыс орнының сапасына қарай шамамен 250-800 теңгені құрайды. Қосымша салықты Дубай атқарушы кеңесінің төрағасы, шейх Мохаммед бин Хамдан бекіткен.
«The National» журналы жазғандай, Біріккен Араб Әмірліктері бұл салықтан түскен қаржыны халықаралық туризм мен сауданы дамытуға, сондай-ақ EXPO-2020 көрмесіне кететін шығынды өтеуге жұмсамақ.
Жаңа салық Дубай кәсіпкерлерінің наразылығын туғызып үлгерді. Олардың айтуынша, қосымша төлем саяхатшыларды жергілікті демалыс орындарында аз уақыт болуына мәжбүрлейді. Дегенмен, Дубай билігін саяхатшылар жөніндегі мәселе алаңдатпаса керек. Алдын-ала есеп бойынша, халықаралық көрменің өтуіне дейін мұндағы қонақүйлер санын екі есе ұлғайту көзделіп отыр.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Utro.ru.
Фото: Hipway.ru.
• 06 Ақпан, 2014
Саяхатшылар Дубайдағы қонақүйлерге қосымша салық төлейді

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше