Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы іссапармен Атырау облысына келді. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Сапар барысында Мемлекет басшысының бірқатар нысандарды аралауы, сондай-ақ облыс жұртшылығы өкілдерімен кездесуі жоспарланған. Бүгін соның бірі -Назарбаев зияткерлік мектебінде болды. Химиялық-биологиялық бағыттағы 720 оқушыға арналған бұл білім мекемесі 2013 жылдың қыркүйек айында ашылған.
Мектепте қатаң іріктеуден өткен аймақ ұстаздары сабақ береді. Сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания ,Румыния, Ирландия елдері мен Оңтүстік Африка Республикасынан келген 12 оқытушы бар. Арнайы бекітілген конкурстық комиссия ұсынысына сай, осында қызмет жасау үшін 134 адам іріктелген. Соның ішінде 33 қызметкер мұғалімдердің біліктілігін арттырудың үш деңгейлі курстарынан өтіпті. Ал 4 ұстаз Назарбаев университеті базасындағы жылдық курсты бітірген екен. Жалпы айтқанда, бір бос орынға 6 адам үміткер болған.
Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-8-9-10 сыныптарында оқу үшін конкурстық іріктеуге 2978 өтініш келіп түскен. Тағы бір дерек, «Өркен» грантының 679 оқушыға берілгені мәлім болды. Ал 7 сыныпта білім алу үшін конкурс стратегиялық серіктестер - Нидерландыдағы педагогикалық білім институтымен (Cito) және АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің талантты жастар орталығымен (CTY) бірлесе жүргізілді.
Сапар аясында Елбасы Атырау мұнай өңдеу зауытын аралап, жүзеге асып жатқан екі инвестициялық жобамен танысты. Ол бойынша биыл үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде араматикалық көмірсутек шығаратын кешеннің іске қосылатыны мәлім болды. Ал екі жарым жылдан соң мұнайды терең өңдеу кешенін тапсыру жоспарланып отыр.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы, «Хабар» телеарнасы.
Фото: Ақорда. kz.

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13