Спорт • 29 Қыркүйек, 2021

Astana Open: Зарина Дияс ширек финалға шыға алмады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Зарина Дияс Astana Open WTA 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Astana Open: Зарина Дияс ширек финалға шыға алмады

Дүниежүзілік рейтингте 109-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда әлемнің 86-шы, осы жарыстың 6-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен кортқа шықты.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған кездесу барысында швециялық теннисшінің басымдылығы айқын байқалды. Екі сетте де алға кеткен ол 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Р.Петерсон 1 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. З.Дияс 6 брейк-пойнттың екеуін ғана өз есебіне жаза алды.

Р.Петерсон жартылай финалға шығу үшін әлемнің 80-ракеткасы, ресейлік Анастасия Потаповамен таласады. Ол тартысты бәсекеде франциялық Кристина Младеновичті 1:6, 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша жүлде қоры 235 мың АҚШ долларынан асатын Астана додасында жекелей сында Қазақстаннан Юлия Путинцева ғана қалды.