«Олардың бәрі бір адамға тиесілі болған. Сараптама нәтижесінде 288 тауық, үйрек және қаздың құс тұмауына шалдыққаны анықталған. Қазір ауданның мал дәрігерлері ауру ошағын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған ауданда екі бірдей құс фабрикасы бар. Алайда, олар жабық ғимаратта орналасқан, ондағы құстарға қауіп төніп тұрған жоқ», дейді ветеринарлар.
Сол ауылда қазір ветеринарлық сала мамандары жұмыс жасап жатыр.
«Жағдай тұрақты. Одан басқа өлген, ауырған құстар тіркелген жоқ. Қазір мамандар сол ауылдың маңайындағы суларды, көлдерді тексеріп жатыр», деді Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ағыбай Сыздықов.