Байзақ ауданындағы оқиға кезінде зардап шеккен 127 нысан қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай кезінде барлығы 176 жылжымайтын мүлік зардап шеккен десек, оның ішінде 159 тұрғын үй, 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік және 1 инфрақұрылымдық нысан (жол) бар. 35 үй мен 12 коммерциялық нысан айтарлықтай бүлінген. 48 нысан бойынша қорытынды алынған. Бүгінде қалпына келтіру шарасына 12 мердігерлік ұйымның 22 техникасы мен 187 жұмысшысы жұмылдырылған. Жеңіл зардап шеккен 124 тұрғын үй мен 3 әлеуметтік нысан толығымен қалпына келтірілді. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында хабарлап, жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.
«Зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстар Мемлекет басшылығының бақылауында», деді Б.Сапарбаев.
Үкіметтік комиссияның тапсырмасына сәйкес нысандарды тексеру және қалпына келтіру үшін жергілікті атқарушы органдарынан 5 жұмыс тобы құрылып, құрылыс басқармасының, ҚазҚСҒЗИ, жобалау ұйымдарының және ТЖ қызметкерлері енді. Сейсмикалық қауіпті жағдайдағы Жібек жолы ауылының №5 орта мектебіне 150 орынды жаңа ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Құрылысы қызу жүріп жатқан жаңа білім ошағы 2022 жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр.
«Жалпы 150 миллион теңге көлеміндегі демеушілік қолдау есебінен 127 нысан қалпына келтірілді. Ал, айтарлықтай зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін Үкіметтік қордан 1,2 миллиард теңге бөлінді. Қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін аяқтау жоспарлануда», деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ демеушілерден «Сенім Байзақ» қорына түскен қаржыға қосалқы шаруашылық құрылыстар мен жолдар жөнделеді. Бұдан бөлек, Бердібек Сапарбаев мертіккен 87 әскери қызметшілерге, төтенше жағдайлар департаменті мен прокуратура қызметкерлеріне облыс әкімінің резервінен 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 291,7 мың теңге мөлшерінде жалпы сомасы 25,4 миллион теңге материалдық көмек бөлінетінін жеткізді.
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар