Солтүстік Корея сынақты шығыс жағалауы маңында жасаған. Зымыран теңізге қарай атылған көрінеді. КХДР ядролық және баллистикалық зымыран арсеналын кеңейтуге арналған бағдарламасын күшейтіп отыр. Сөйтіп, қару-жарақ жүйесін жетілдірмек. Ал оған АҚШ санкция салған болатын.
АҚШ-тың Солтүстік Корея жөніндегі арнайы өкілі Сун Кимнің айтуынша, дыбыстан жылдам зымыранды сынақтан өткізу аймақты тұрақсыздыққа әкеліп, өңірге қауіп төндіреді. Соған қарамастан, Вашингтон билігі Корея түбегін ядролық қарудан азат ету жөніндегі дипломатиялық әрекетін жалғастыра бермек.
«Пхеньяннан жауап күтеміз. Өйткені, қарусыздануға қатысты көптеген әрекет жасадық. Көптеген мәселе бойынша келіссөз жүргізуді ұсындық», деді ол.
Дыбыстан жылдам ұшатын зымырандардың нысанаға бағытталған траекториясына түспес бұрын ғарышқа қарай ұшатын баллистикалық зымырандардан айырмашылығы бар. Мұндай гиперсоник ракета жерге жақын, төмен биіктікте ұшады. Сондай-ақ жылдамдығы дыбыстан бес есе көп. Яғни сағатына 6200 км.
Оңтүстік Корея бірлескен әскери штабының хабарлауынша, Солтүстік Кореяның гиперсоник зымыраны әлі толыққанды жетілмеген. Бұл оның жылдамдығы мен басқа да мәліметтеріне сүйене отырып жасалған.