Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында жергілікті демеушілердің күшімен алып тутұғыр орнатылды. Енді еліміздің Көк байрағы 50 метр биіктен желбіреп тұр.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ашылған 50 метрлік тутұғырды орнату үшін жергілікті кәсіпкерлер 60 млн теңге қаражат жұмсапты. Ғұбайдолла Жәңгіров атындағы саябақтың төбесінен желбірейтін алып тудың көлемі 8х16 метр екен.
– Ұлтымыз үшін Тәуелсіздік қандай қымбат болса, Мемлекеттік рәміздер де біз үшін сондай қастерлі. Елдігімізді таныту, абыройды асқақтату – қастерлі құндылықтарды қорғай білумен өлшенбек, – деді, тутұғырдың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов.
Белгілі әнде айтылғандай, көк тудың желбірегені талай жанның жанына қуат берері сөзсіз. Кеңес заманында орысқолдау көрінетін Бөрлі ауданы соңғы жылдары ерекше қазақыланып, күннен-күнге жасарып келе жатқанын жергілікті жұрт та, меймандар да жиі айтады. Мәселен, биылғы «Қала күні» мейрамында шаһардың басты мәдени шарасы – «Ақсайым арқау жырыма» тақырыбында облыстық ақындар айтысы болды. Белгілі ақын, айтыс жанашыры Бауыржан Халиолла айтқандай, Ақсай қаласы – Батыс Қазақстандағы мәдениеттің астанасы деуге болатындай дәрежеге жетіпті.
Сонымен, 14 өнерпаз қатысқан облыстық ақындар айтысының бас жүлдесін бөрлілік Жарқынбек Шынтаев, бірінші орында Ақжайық ауданынан келген Бекболат Қаленов жеңіп алды. Екінші-үшінші орындарды қаратөбелік Райымбек Өтепов пен жаңақалалық Орынбек Меңдіқұлов бөлісті. Бөкей Орда ауданының намысын қорғаған Жансая Мусина – Бөрлі ауданының әкімі атындағы арнайы жүлдеге, Ақжайық ауданынан келген Санат Мұханбетжанов – Марабай жырау атындағы арнайы жүлдеге ие болды.
Батыс Қазақстан облысы
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар