07 Ақпан, 2014

Ауылда да жеке кәсіпкерлік алға басуда

464 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
малдар«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының тағы бір мүмкіндігі ауылды жерлердегі жұмыссыздық салдарын жойып, жеке кәсіпкерлерді қол­дауды көздейді. Жеке кә­сіп­керлікті ауылды жерде дамы­ту үшін толық жағдай жасалған. Кәсіп ашып, нәсібін көрем деушілер үшін мемлекет толығымен мүмкіндік туғызып отыр. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өткен жылы қалаға қарасты елді мекендерде тұратын 235 адам несие алып, өздерінің кәсіптерін ашқан.  Мемлекет тарапынан қолдау тапқан кәсіпкерлерге 577 млн. 900 мың теңге көлемінде несие берілген. Қолда бар қомақты қаражатпен кәсіпкерлер есік-терезе, сүт өнімдерін өңдейтін цехтар ашты. Сондай-ақ, қатарларында егін шаруашылығымен шұғылданып отырғандары да бар. «Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту» МКМ директоры Тұрсынбек Шинжиннің айтуынша, қалада ауылды жерлерді дамыту мақсатында алғаш рет 2011 жылдың жартыжылдығында жұмысын бастаған бағдарламаның қар­қы­ны жаман емес. Алғашқы жылдың өзінде 84 адам несие­лі болып, 168 млн. 500 мың теңге игерілді. Халықтың қы­зы­ғушылығы жоғары. Ал, 2012 жылы 202 млн. өз мақ­сатына жұмсалды. Бұл көрсет­кіш жыл санап өсіп келеді. Қаражаттың барлығы Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы іске асырылып жатыр. Пайыз көрсеткіші өте төмен. Тек 7 пайызбен беріледі. Әрине мұндай жеңілдік тек осы бағдарламаға ғана тән. Кәсібін  дөңгелетіп несие алғандарға жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, мал шаруашы­лығымен шұғылдана­тындар 1 жыл 8 ай несие төлеуден босатылады. Бұл тек төрт тү­лік­тен өнім  алып, шаруасына қиындық туғызбау үшін қолайлы мүмкіндік.  Бі­рақ, несие тұтынушы пайызын төлеуге міндеттеледі. Алайда, қалған бағыттар бойынша қаржыланған шаруаларда мұндай жеңілдіктер қарастырылмаған. Егін, көк­өніс, картоп өсіретіндер үшін мемлекеттен алған қаржының төлемі бірден болуы шарт. Өйткені, көктемде егіп, күзгі орақ кезінде өтеулері керек. Сонымен қатар, бұл міндет тіс емханасын және шаштараз ашқандар үшін де ортақ. «Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту» МКМ-сы халықты еңбекке ұйымдастыру, жұмыспен қамту бағытында жақсы жұмыс істеп тұр. Мекеме директоры Тұрсынбек Дүйсенбайұлы үнемі түрлі жұмыспен қамту акцияларында БАҚ өкілдері арқылы халықты кеңінен ақпараттандырып отырады. Мәселен, несиені уа­қ­тылы қайтару жіті қа­да­­ғаланады. Бұл жолда не­сие­лік серіктестіктермен бірігіп жүйелі жұмыстар жүр­гіземіз. Мекемеге бас сұққан арызданушының ең бірінші қоятын кепілі және сол ауылдың әкімінің рұқсаты болуы керек. Алған қаражатты қайтару жергілікті әкімдердің жауапкершілігінде. Себебі, әкімдер өз тұрғындарын біледі. Мына адамға 3 млн. теңгеге дейін беруге болады, кәсібін  бас­тайды, уақытында қайтарады деген кепілдік беруі керек. Міне, осы бағытта жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Әзірге борышкерлердің қайтарымы жаман емес», дейді  ол.  Бүгінде күн тәртібінде өзекті де өткір тұрған мәселе қолдау барда жұмыс орындарын ашу. Әйтсе де, ауыл халқын жұмыспен қамту бірінші орында тұр. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, алда бағдарлама аясында тыңнан түрен салатын жоспарлар да жетерлік. Биыл қалаға қарасты ауылдарда жаңадан цехтар өз жұмысын бастауы керек. Ең маңызды болып тұрған мәселе – мал бордақылау алаң­дарын ұйымдастыру. Шыны керек, қолда бар төрт түлікті ет бағытына жіберу үшін бор­дақылау алаңдары ауа­дай қажет, деді Тұрсынбек Шин­­жин. Ауылдағы 4-5 адам­ның басын біріктіріп мұны да жүзеге асыруды көздеп отыр­мыз. Осындай  орындар жоқ дегенде 100-120 басқа шақ­­талып жасалатын болады. Бұдан бөлек сүт және қымыз өңдей­тін цехтармен қатар тағы бас­қаларын ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, келешек кәсіп­кер­лердің жоспарын құру­ға өз тараптарынан көмекте­се алады. Онда арнайы дәрістер­ден өтетін болашақ кәсіп иелері ­жо­с­пар құру, түскен өнімді өткі­зу сияқты бірталай бизнес­тің, түрлі кәсіптің, қыр-сырын мең­гереді. Сондықтан да кәсіп­кер боламын дегендер ауылда қа­лып қалдым деп қам жемей-ақ, жұмыспен қамту орта­лы­ғы­на келіп, бәрін үйренуге бола­­­ды. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ.
Соңғы жаңалықтар