Парламент • 30 Қыркүйек, 2021

Каспий теңізінің экологиялық жағдайына қатысты заң жобасы мақұлданды

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыста азаматтық қоғамды қоршаған ортаны қорғауға қатыстыру үшін жағдай жасау керек екеніне назар аударды, деп жазады Egemen.kz.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайына қатысты заң жобасы мақұлданды

Суретті түсірген Ж.Құспанов

Депутаттар «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Хаттаманың мақсаты - Каспий теңізінің ластануын болғызбау, азайту, бақылау және алдын алу. Осыған орай, депутаттар Экология, геология және табиғи ресурстар министріне халықтың Каспий теңізін қорғау жөніндегі іс-шараларға қалай қатыса алатыны туралы сауал қойды.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшартында көрсетілген барлық экологиялық міндеттеме бойынша толық және сенімді ақпарат тарату керек. Бұл қоғамның Каспий теңізін, жалпы қоршаған ортаны қорғауға  атсалысуы үшін қажет.

Хаттамада ластану көздерін бақылау жөніндегі шараларға негізделген өңірлік және ұлттық бағдарламаларды немесе іс-қимыл жоспарларын қабылдау көзделген.