Теннис • 30 Қыркүйек, 2021

Astana Open: Анна Данилина жұптық сында жартылай финалға шыға алмады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Astana Open WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Astana Open: Анна Данилина жұптық сында жартылай финалға шыға алмады

Ресейлік Анна Блинковамен бірге жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина ширек финалда ресейлік Натела Дзаламидзе – словениялық Кайя Йуванмен сынға түсті.

Бірінші партияда ресейлік-словениялық жұп басым түсті – 6:1. Екіншісінде Данилина мен Блинкова тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:5). Супер тай-брейкте Дзаламидзе мен Йуван жеңісті жұлып алды – 10:5. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта ресейлік-словениялық жұп 4 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Қазақстандық-ресейлік жұп бір ғана брейктен аса алмады. Осылайша А.Данилина жұптық сында да жарыс жолынан шығып қалды.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37