Елімізде алғаш рет ҚР Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогы өтеді. Турнирге үздік мергендер мен теңге ілу шеберлері қатысады.
Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос кубоктың жүлде қоры 11 миллион теңгені құрайды. Ал бас жүлде алған спортшыларға автокөлік беріледі.