– Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша өнімдерді өңдеуге арналған автоматты желілер сатып алдық. Бұл өнімнің сапасы мен санын арттыруға мүмкіндік береді. Қазір жылына 200 мың дана сорғы штангаларын шығаратын болсақ, бұл желілерді іске қосу арқылы сорғы штангаларының өнімділігін 400 мыңға, штанга жалғастырғыштарын 500 мыңға арттыру көзделуде. Швейцарияда шығарылған жаңа заманауи қондырғының жалпы құны 7,775 миллион доллар тұрады. Бұл құралды алу үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие берілді және сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланды. Шынын айту керек, бұл бағдарламаның отандық өндірушілер үшін маңызы үлкен, отандық кәсіпорындардың серпінді дамуына, ел экономикасының ілгерілеуіне, жұмыс орындарының артуына септігін тигізеді, – дейді зауыт директоры Ғазиз Жандос.
Оның айтуынша, жаңа құрал-жабдықтар толықтай компьютерлендірілген, яғни бұрын жиырма адам істейтін жұмысты енді екі-ақ адам атқара алады. Бірақ жұмысшылар саны қысқармайды. Бұрын станоктарда жұмыс істеген жұмысшылар өндірістің басқа буындарында еңбек ететін болады.
Зауыт жұмысшылары жаңа жабдықпен жаңа жылдан бастап жұмыс жасауда. Қазір Швейцариядан келген мамандар жергілікті жұмысшыларға жаңа жабдықпен жұмыс істеуді үйретіп, олардың жаңа технологияны тез арада игеріп кетуіне көмектесуде. Осы кәсіпорын ашылғалы қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі токарь Әміржан Жангелдиновтің айтуынша, бұлар өте жоғары дәлдікпен жұмыс жасайтын станоктар. Сондықтан да жұмысшыларға оның әр тетігінің қандай қызмет атқаратынын білу маңызды болмақ. Жұмысшылар кәсіби біліктілігі жоғары мамандар болғандықтан, оларға жаңа қондырғыда жұмыс істеуге дағдылану аса бір қиындық тудырып отырған жоқ. Қазірдің өзінде көп нәрседен хабардар болып қалған байырғы жұмысшылар жаңа технологиялық желіде еңбек етуге төселіп қалды.
– Зауыт басшылығы құрал-жабдықтарды жаңарту үшін бар күшін салып жатыр. Себебі, біздің өнімдер еуропалық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Кеден одағы аясында мұндай зауыттар саусақпен санарлық. Сондықтан ертеңгі күні біз басқа елдердегі кәсіпорындармен бәсекелесе алмасақ, онда нарықта қалу-қалмауымыз екіталай. Екіншіден, токарь, технолог мамандар, машина құрылысы, бағдарламалық басқару тетігін білетін жас жігіттер өте қажет. Неге екенін білмеймін, жастардың бұл салаға келуі өте аз, – дейді тәжірибелі маман.
Қазір жаңа технологияларды енгізудің бірінші кезеңі аяқталған. Бұл өнімнің өзіндік құнын азайтуға, өндіріс қуатын арттыруға, өндіріс шығынын және өндіріс циклін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өндірістегі қол еңбегінің үлес салмағын азайта түспек. Кәсіпорын басшылығы өндірістік желілерді осылай бірте-бірте қайта жарақтандыра отырып, бәсекелестікке қабілетті өнім шығарып, өз өнімдерін экспортқа шығаруды да ойластыруда.
Өндіріс орнында жұмысшылардың еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызылған. Жұмысшылардың еңбекақысы жоғары. Оларға әлеуметтік жеңілдіктер де қарастырылған.
Облыста 32,5 мың бірлік шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі жобалық қуаттарына шығып, енді өнімнің бәсекеге қабілетті болуына назар аударуда. Ол үшін өндіріске заманауи озық технологияларды енгізу қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Міне, сондай қадамға барып отырған кәсіпорындардың бірі «Ақтөбе мұнай құрал-жабдықтары зауыты» ЖШС-дегі ізденіс іздері осындай.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Қоғам • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Кеше