Көптен көкейде жүрген кәсіпкерлер туралы әңгімені жазудың реті ойда жоқта шешімін тапқандай болды. Осы бір әйел азаматтарымызға Қазақ еліне тәуелсіздіктің таңымен бірге келген кәсіп – саудагерлік еді. Сонау, өткен ғасырдың 90-жылдардың басында қазақ халқын экономикалық қиындықтардан алып шығып, халықтың басына түскен жұмыссыздықтың, Үкіметтің келеңсіздігі ауылдардың күйреуіне әкелгенде осы қыз-келіншектеріміз арысы Қытай, берісі Бішкек барып дорба-қапшығы, арбасын арқалап елді асырап шыққан жандар! Тығырықтан шығудың жолын, отбасын сақтап, бала-шағаның қамын ойлаған қаракөздеріміз ер-азаматтардан да асып түсіп, қиындыққа мойымай, жоқтан барды жасағаны орта буын өкілдеріне таныс дүние.
Міне, сол жандардың бірі Тамара Жәкенқызы Соколова – Қостанай облысы Арқалық қаласындағы «ОлВи» ЖШС президенті. Осы «ОлВи» серіктестігіне қаңтардың 31 жұлдызында құрылғанына 20 жыл толып, мерейтойларын атады.
Тамара Жәкенқызына тоқталсақ, ол біріншіден екі ұлтты ұйыта білген ана, екі баланың анасы. Немере інісі Олжас пен тұңғышы Виктордың есімдерінің алғы буындары фирмасының атауын құрап отыр. 1970 жылдары бір ауыз қазақша білмейтін, Ресейдің Чита қаласында туған Тамара «Бүкілодақтық комсомолдық құрылыс» атанған Торғай облысының орталығы Арқалық қаласына жастықтың қаны бойында ойнап келеді. Торғай боксит кен басқармасында геолог болып қызметке тұрған көпшіл де іскер қыз сол кездің өзінде белсенділік танытып комсомол ұйымын басқарады, содан бері осы Торғайдың суығына тоңып, ыстығына күйген жан. Арқалықтан өмірлік серігі Леонид Пиманұлымен жарасым тауып отбасын құрған Тамара бүгіндері ұлағатты әже де болып үлгерді. Немересі Даниил қазір бір жаста. Немересіне қазақша ән айтып отырған Тамара бүгінде қазақ тілінің жанашыры, мүлтіксіз сөйлеу оның қазақи қасиетіне айналған.
Жалпы, бұл отбасы туралы айтсақ, қаламызда интернационалдықтың туын көтеріп тұр дейміз және отбасылық бизнесте құр қалғаны жоқ. Келіні, қазақ қызы Гүлмира Биғалиқызы үйде дастарқанның берекесі болса, серіктестіктегі оң қолы, барлық есеп-қисаптың маманы. Жұбайы Леонид Соколов-«ОлВи» ЖШС директорының орынбасары, мамандығы құрылысшы Леонид Пиманұлының Арқалықтың салынған үйлерінде алақан іздері мәңгіге қалды, отбасылық бизнесте Леонид Пиманұлының еңбегі зор болғанын біздер жақсы білеміз.
«ОлВи» ЖШС бүгінгі күні шағын цехтарын басқа кәсіпкерлерге табыстап, замана сұранымына орай мемлекеттік тапсырыстармен Қостанай облысы аумағында оңтүстік аудандарды қамтып құрылыс пен ауылшаруашылық құралдарымен қамтуда. Талаптар негізінде ол заттарды жеткізіп беруді де жүйеге қойған. Бұл, әрине, тапсырыс беруші жақтың уақытын үнемдеуге үлкен қолғабыс.
Айта берсек, жаза берсек Тамара Жәкенқызы Соколованың қаламыздың көркеюіне қосқан үлесі зор, ол жетістіктері ақталып Арқалық қаласының 2010 жылы «Жыл адамы» атанса, 2013 жылы республика бойынша «Саланың көшбасшысы» атағын иемденді.Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы медалі кеудесінде жарқыраған жан.
Мақаламның атауын «жан жомарттығы» дегенім осы Тамараны өте қатаң адам дейтіндер бар. Рас, бет жүзіңе қарамайтын бірбеткейлігі бар, бірақ онысы өзіне тән дүние, жарасып-ақ тұр. Өйткені, ол уәде бермейді, берсе орындайды. Ал жанының жомарттығына келсек, жыл сайын Жеңіс күні өз кафесінде қаланың соғыс және еңбек ардагерлеріне арнап ас-ауқат ұсынып, сыйлықтар беруі, іле-шала балаларды қорғау күніне қаланың барлық арнаулы интернат тәрбиеленушілеріне мереке ұйымдастырып, қаланың қақ ортасында аулада концерт көрсетіп, шақырылған да, өтіп бара жатқандар да мереке қызығын тамашалауы үлгі істерінің бірі ғана.
Жүрегінің кеңдігін білдірген, жанының жомарттығын айғақтаған «Алтын жүрек» номинациясының иегері атанған Тамара Жәкенқызын жаны жомарт келіншек деп бекер атамадық. «ОлВи»-іңнің атағы мен қызметі ел әлеуетіне қызметін осы 20 жылмен шектемей, жалғасын таба беретініне сенеміз.
Сүгірбай НҰРМАНОВ.
АРҚАЛЫҚ.

Қоғам • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Кеше