Қоғам • 30 Қыркүйек, 2021

Маңғыстауда адам саудасы бойынша 6 қылмыс анықталды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының аумағында адам саудасына байланысты қылмыстың жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған алты күндік «STOP-Трафик» жедел алдын алу шарасы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда адам саудасы бойынша 6 қылмыс анықталды

Шара барысында адам саудасына қатысты 6 қылмыс анықталған. Оның ішінде 3 факт – жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (ҚР ҚК 309-бабы), 2 факт – кәмелетке толмағандарды сату (ҚР ҚК 135-бабы), 1 факт – кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту (ҚР ҚК 134-бабы).

Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, бір әйел ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жай бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

47 адам - «жезөкше», екі адам «сутенер» санаты бойынша есепке қойылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабына сай 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жезөкшелікпен айналысатын және ҚР аумағында заңсыз жүрген екі адам Ақтау қаласы полиция басқармасының арнайы қабылдап-тарату орнына жабылды», деп жазады Polisia.kz.