Ғылым • 30 Қыркүйек, 2021

Көрнекті ғалым, біртуар азамат

724 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Көрнекті заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов 80 жасқа келді. Қазақстанның цивилистика ғылымын оның есімінсіз елестету мүмкін емес.

Көрнекті ғалым, біртуар азамат

Ол – М.А.Ваксберг, Г.М.Сте­паненко, А.И.Беспалова, Б.В.Пок­ровский, И.Д.Фондаминский, М.Г.Масевич, Ю.Г.Басин, Б.Б.Ба­зар­баев сынды қазақстандық аза­маттық құқық ғылымының қа­лыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан ғалымдардан бастау алатын цивилистика мек­тебін жалғастырушы.

Майдан Күнтуарұлы өткен ға­сырдың 60-жылдарының орта­сында азаматтық құқық ғы­лы­мын­да өз жолын бастады. 1966 жы­лы, 25 жасында Мәскеуде заң ғы­лымдары кандидатының ғы­лы­ми дәрежесін алу үшін «Шарт­тық міндеттемелердің орын­­да­луын кешіктіргені үшін жа­­уап­кер­шілік» тақырыбында дис­­сер­тация қорғады. 1971 жылы оның «Шарттық міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзға­ны үшін жауапкершілік» алғаш­қы монографиясы жарық көрді. 1980 жылы Харьков заң институтында заң ғылымдары док­то­ры­ның ғылыми дәрежесін алу үшін «КСРО халық шаруа­шы­­лы­ғындағы шарт­тық бай­ла­ныс­тардың құры­лымы» та­қы­ры­бында диссертация қорғады. Бі­рақ Майдан Күнтуарұлының не­гізгі заң шығарушылық және пе­да­гогикалық қызметі Қазақстан Рес­публикасы мемлекеттік
тә­­у­ел­­­сіздік алған кезеңге тұспа-тұс келді.

 1991 жылы М.К. Сүлейменов Қазақ КСР Ғылым академиясы­ның жаңа құрылған Мемлекет жә­не құқық институтының ал­­­ғаш­­­қы жетекшісі болды. 1992 жы­­лы Қазақстан Ғы­лым акаде­мия­сының Бас ғылы­ми хатшысы, 1994 жы­лы корреспондент-мүшесі болып сай­ланды, ал 2003 жы­лы Ұлттық ғылым академия­сы­ның академи­гі атанды. 1995 жы­лы Қазақ мем­ле­кеттік заң инс­ти­тутының құры­лымында Же­ке құ­қық ғылыми-зерттеу орта­лы­ғын басқарды, ол қазіргі таңда Жеке құқық ғы­лыми-зерттеу инс­­­титуты деп ата­­лып, Каспий қо­­ғамдық уни­вер­ситетінің құра­мы­на енгі­зілген.

М.К.Сүлейменов 1989 жылы Қазақ КСР Өзін өзі басқару жә­­не өзін өзі қаржыландыру тұ­­жы­­­­рымдамасын әзірлеуге қа­тыс­­­ты, оның ережелері кейін Қазақстанның мемлекеттік тә­уел­­сіздігінің экономикалық не­гі­зіне айналды.

Тәуелсіздік жылдары Қазақ­станда елдегі экономикалық, әлеу­меттік түбегейлі өзгерістерді қам­тамасыз ететін заңнаманы құруға М.К.Сүлейменовтің қос­қан үлесі орасан зор. Ол Қазақстан Кон­сти­туциясын дайындаған жұ­мыс тобының құрамында болды, 80-нен астам заңды әзірлеуге қа­тысты, оның ішінде Азаматтық кодекс (АК), Тұрғын үй кодексі, меншік туралы, жекешелендіру, мұнай, жер қойнауы мен жер қой­­науын пайдалану туралы, жер туралы, шаруашылық се­рік­­тестіктер, кәсіпорындар, ли­цен­­­зиялау, мемлекеттік мүлік, ара­­лық сот, халықаралық ком­мер­циялық төрелік сот туралы, ше­телдік инвестициялар туралы, жекешелендіру, сақтандыру ту­ралы, жылжымайтын мүлік ипо­текасы туралы, жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу және онымен мәмілелер жасау туралы, сырттан қарыз алу және сыртқы қарызды басқа­ру, тұрғын қатынастары туралы заңдар бар. Бұл ретте Майдан Күн­туарұлының азаматтық құ­қық, халықаралық жеке құқық және жеке іс жүргізу құқығы (дау­­­ларды балама шешу құқығы) са­­ла­сындағы заңнаманы әрі қа­рай дамытуға қосқан үлесін де ерек­­ше атап өту керек. Қа­зір­гі уақытта Қазақстанда заң­на­маны реформалаудың кезекті кезеңі жоспарланып отыр. Қа­зақ­стан заңнама институты әзір­леген Құқықтық сая­сат тұжы­рым­дамасының жо­ба­­сындағы «Аза­маттық құ­қық» бө­лімі М.К.Сү­лей­менов бас­қарған Жеке құқық ҒЗИ-мен бір­лесе дайындалды.

Пандемия кезіндегі М.К.Сү­лей­меновтің ғылыми қызметі тоқ­тап немесе баяулап қалған жоқ, керісінше, анағұрлым ар­та түсті. Майдан Күнтуарұлы Ә.Е.Дүй­сеновамен бірлесіп, «Тө­ре­лік сот» туралы за­ңы­на ғы­­лы­ми-практикалық түсін­дір­­­­ме­ні алғаш болып дайында­ды. Оның бас­шылығымен «Қа­­­­­зақ­стан­да дауларды балама жол­­­­­мен шешу: жаңа даму ке­­­­­зеңі» ғылыми-практикалық моно­гра­фиясы алғаш рет жарық көрді. Ол АК мәмілелер туралы баптарына түсіндірмелер жаз­ды, ең өзекті мәселелер бойын­ша, оның ішінде цифрлы құ­қық, азаматтық заңнаманы жа­ңар­ту, Қазақстанда жекеменшік құқығының қалыптасуы, 2017 жылғы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ко­декстің артықшылықтары мен кем­шіліктері, Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық қорының мү­­ліктік құқықтары, пандемия­дан кейін өзгеріске ұшыраған халықаралық құқық проблемалары, азаматтық заңнама нормалары мен шарттардың қолданы­луы мен пайымдалуы және басқа тақырыптарға ондаған мақала жариялады.

Майдан Күнтуарұлы Қазақ­станның экономикалық дамуында маңызды рөл атқарған, Қазақ­стан сол уақытта аса мұқтаж болған шетелдік инвестициялардың ағы­луына ықпал еткен заң жобаларын дайындау жөніндегі өзінің кең ауқымды тәжірибесін бөлісті (Президенттің заң күшіне енген Жарлықтары, «Мұнай ту­ралы», «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы», «Шетелдік инвестициялар тура­лы», «Қазақстандағы еркін эко­номикалық аймақтар туралы» заңдар және т.б.). Ондаған жылдарды артқа салып, меншік құ­қығы мен басқа да заттық құ­­­қықтың қалыптасуының бас­­та­уында болған ғалым тарих бет­­терін саралап, оның ке­ре­­мет талдауын ұсынды: Қазақ­стан-
да жеке­меншік құқығы инсти­тутының қалыптасуы, Жер қой­науы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнама және т.б.

Осы және басқа да көптеген еңбек М.К.Сүлейменовтің 75 жыл­дық мерейтойына орай 2016 жылы жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтық құ­­қығы: теориялық зерттеу тә­жі­рибесі» монографиясының 4-6-томдарының негізіне алынды. 2021 жылы ол «Тарих бетте­рі» кітабын жарыққа шығарып, оған жеке өзі қатысқан немесе куәгер болған тарихи оқиғалар­ды суреттейтін материалдарды топтастырды. Бұл – Қазақстан­ның, қазақ халқының, тарихи тұл­ға­лардың және автордың ұс­таз­дарының, әріптестерінің, дос­­тары мен отбасының тари­хы. Кітапқа Одақтық шарттың бірінші нұсқасының, Қазақстан Конституциясының, Азаматтық кодекстің және Қазақстанның басқа да бірқатар негізгі заңда­рының әзірлемесі, С.З.Зиманов, М.Т.Оспанов, Ю.Г.Басин, Болат­хан Тайжан, А.И.Худяков, Н.Шай­кенов, Рольф Книпер, Б.В.Пок­ровский, Қазақстан Рес­публикасы Жоғарғы соты­ның Төрағасы бол­ған әкесі К.А.Су­лей­менов, ком­мунистік пар­тияның Алматы облыстық ко­ми­тетінің хатшысы қызметін ат­қарған анасы Г.Төлегенова, әп­кесі Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Р.Б.Нуртазина туралы естеліктер енгізілген.

М.К.Сүлейменов – азамат­тық және халықаралық жеке құқық-
тың негізін қалаушы, аза­мат­тық, отбасылық, тұрғын үй, ха­лық­­аралық жеке құқық, жеке іс жүр­­­гізу құқығы (дауларды ба­лама шешу құқығы), соны­мен қа­тар жер қойнауын пайда­ла­­ну, мұ­най операцияларын жүр­­гізу және Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­­сын­дағы шетелдік инвес­­ти­ция­­лар жөніндегі пробле­ма­лар ту­ра­лы 630-дан астам басы­лым­ның, оның ішінде 50-ден ас­там моно­графияның авторы. Оның бас­шылығымен азаматтық құ­қықтың академиялық курсы құрылды (3 томда), Азаматтық ко­декске 4 томдық түсіндірме (4-ба­сылым) жазылды. Ол Қазақ­стан­дағы халықаралық же­ке құ­қық және халықаралық аза­мат­тық процесс жөніндегі ал­ғаш­­қы оқулықты, сонымен қа­тар халықаралық жеке құқық бо­­йынша халықаралық шарттар мен нормативтік-құ­қық­тық акті­лердің 15 томдық жи­на­ғын басып шығарды.

М.К.Сүлейменов Қазақстан­ның цивилистік мектебін шетел­де таныстырып, таныту үшін көп еңбек етіп келеді. Халық­ара­­лық құқық пен халықаралық қа­ты­нас­тарды дамытуға ауқым­ды үлес қосып отыр. Майдан Күн­туар­ұлы Брюссельдегі Энер­ге­ти­калық хартияға Шартты қайта қарау бойынша келіссөздерде қазақ­стан­дық топты басқарды (1993-2004 ­жылдар аралығын­да). Қазақстанның белсенді қа­ты­суымен 1994 жылғы 17 жел­тоқ­санда Лиссабонда қол қойылып, 1995 жылғы 18 қазанда бекітілген Энергетикалық хартияға Шарт жобасын әзірледі.

Қазіргі уақытта М.К.Сүлей­менов Энергетикалық хартияға Шартты қайта қарастыру жө­нін­­дегі келіссөздерге қатысу үс­тінде (2020-2021 жж.). 1993 жыл­дан бас­тап ол ТМД елдерінің мо­дельдік заңнамасын әзірлеуге белсенді қатысты.

М.К.Сүлейменов – Каспий ­уни­­­верситеті жанындағы Же­ке құқық ғылыми-зерттеу инс­титутының тұрақты жетекшісі. Ол Қазақстандағы цивилистика­ның ғылыми орталығы болып саналады және елімізден тысқары жерлерде де танымал. Көрнекті ғалым ғылыми кадрлар даярлауға да зор үлес қосып, 57 аспиранты мен ізденушілері кандидаттық диссертацияларын, 10 шәкірті докторлық диссертацияларын қорғады.

Майдан Күнтуарұлы Қазақ­стандағы өзекті әрі шиеленіске то­лы жер құқығы мәселесін тал­қылаудан да сырт қалған жоқ. Өз пікірін заңгер ретінде ғана емес, бірінші кезекте өз Отанының патриоты ретінде білдіргенін атап өту керек.

М.К.Сүлейменов – Қазақ­стан­­дағы төрелік қозғалысының негізін қалаушылардың бірі. Ол көп жылдар бойы еліміздегі ал­ғашқы төрелік институттар­дың бірі болып табылатын Сау­­да-өнер­кәсіп палатасы жанын­да­­ғы Төрелік комиссияның ұйым­­дастырушысы және тұрақ­ты төр­ағасы болды. 2005 жыл­дың қаң­тар айында жаңа инсти­тут­тық төрелікті – өзі төрағалық ете­тін Қазақстан Халықаралық Төре­лігін (ҚХТ) құрды. Қа­зір­гі уақытта ҚХТ-ға қа­зақстан­дық қана емес, шетел­дік, халық­ара­лық компаниялар да дауларды ше­шуді сеніп тапсы­рады.

М.К.Сүлейменовтің прак­ти­калық қызметі туралы айтқан ­кез­де оның «Заңгер» заң фирмасы­ның құрылтайшыларының бірі болып табылатынын атамай кетуге болмайды. Ол республикадағы кәсіби заң қызметін көрсететін алғашқы мемлекеттік емес ком­мерциялық ұйымдардың бірі.

М.К.Сүлейменов заң шыға­рушылық, ғылыми және прак­ти­калық қызметке қатысқаны үшін бірнеше мәрте мемлекеттік және өзге марапаттармен марапаттал­ды. Оның өмірі – азаматтық құ­қық ғылымына қызмет ету өнегесі.

Күләш ИЛЬЯСОВА,

Әсел ДҮЙСЕНОВА