Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде 20 млн-ға жуық адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан ажал құшады. Бұл Бейжің, Шанхай, Токио, Дели сияқты ірі мегаполистердің халқымен тең.

Қазақстанда да жүрек-қан тамырлары ауруларына қатысты жағдай мәз емес. Еліміздің әр 33-ші тұрғынында қан айналымы дертінің белгісі бар. Әр 12-ші адам артериялық гипертонияға шалдықса, 19 млн халықтың 1,5 млн-нан астамы дәл осы жағдай бойынша диспансерлік есепте тұр. Сала мамандары артериялық гипертония мен жүректің ишемиясы жалпы жүрек ауруларының 60 пайызын құрайтынын айтып дабыл қағуда.
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңында Дүниежүзілік жүрек күніне орай өткен брифингте Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеулер институтының басқарма төрайымы, медицина ғылымының докторы, профессор Роза Қуанышбекова жүрек-қан тамырлары аурулары әлем халқының аурушаңдығы мен мүгедектігін ең көп туындатып отырғанын жеткізді.
«Жүрек-қантамыр аурулары неліктен белең алып бара жатыр? Біріншіден, бұл өмір салтының өзгеруіне байланысты. Қазір біз аз қозғалатын болдық. Қозғалыстың аздығы гипомагниемия – бұлшық еттің бұрынғы күшінен, төзімділігінен айырады. Оған қоса денедегі артық салмақ жүрек ауруларына әкеледі. Қазір әлем халқының 30-40 пайызы артық салмақтан зардап шегуде. Бұл да алаңдатарлық фактор», дейді Роза Тохтанәліқызы.
Маманның айтуынша, қазір біз тұтынып жүрген қорек заттар тікелей жүрек ауруларына әкеліп соқтыруда. Бұрынғы үй тағамдарының орнына жылдам әзірленетін, дайын өнімдер пайда болды. Бұл құрамында консерванттары жоғары фаст-фуд, балмұздақ сияқты өнімдер. Олар ағзадағы қорек алмасуды бұзып, инфаркт пен инсульттың туындауына әкеледі.
Дүниежүзілік жүрек федерациясының мәліметінше, инфаркт пен инсульттан болатын ерте өлімнің 80%-ын саламатты өмір салтын ұстану, темекі шегуден тыйылу, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікті бақылау арқылы тойтаруға болады. Айталық, бұрын жүрек-қан тамырлары аурулары ересек адамдарға тән құбылыс болса, қазір онымен жастар, тіптен балалар да ауыратын болған. Роза Тохтанәліқызы елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша скринингтік шаралар өтетінін, одан 40 жастан асқан азаматтар міндетті түрде өтуі қажеттігін жеткізді.
«Қазақстанда ғана емес, әлемде жиі кездесетін артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі және қант диабеті сияқты аурулар адам өміріне орасан қауіп төндіріп отыр. Ауруларды басқару бағдарламасын жүзеге асыру адамдардың өз денсаулығы өздеріне байланысты екенін түсіне бастағанын көрсетті. Бұл – науқасты денсаулығы туралы ақпараттандыруға, өзін өзі басқаруды және өзіне-өзі көмектесуді үйретуге бағытталған телемониторингті, бақылауды және көпбейінді топпен жұмысты қоса алғанда, заманауи талаптар ескерілген профилактикалық медициналық тексерудің жаңартылған бағдарламасы», дейді профессор.
Пандемия кезінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттан болатын өлім-жітім еселеп өскен. Мамандардың айтуынша, бұған себеп коронавирус инфекциясының тромбозға бейімділікті және жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуін туындататыны. Постковид жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының пайда болуына бірден-бір себеп. Артериялық гипертензия, аритмия, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті секілді науқасқа шалдыққандарда калий иондарының концентрациясының төмендеуі өршіген. Ғалымдар осы тұста пневмониядан болатын өлім-жітім 12%-ға ғана өскенін, керісінше адамдар пневмониядан емес, оның асқыну себебі салдарынан қайтыс болып жатқанын айтады.
Жүрек-қан тамырлары ауруларына қатысты өткен Еуропалық конгрестің клиникалық тәжірибесінде жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша әдістемелік нұсқаулар жаңартылған болатын. Қазақстан тәуекел деңгейі өте жоғары елдерден жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі жоғары елдер аймағына көшірілді. Бұл халықтың жүрек ауруларын емдеудің интервенциялық әдістерімен көбірек қамтылуына байланысты әрі отандық кардиологтардың жемісті еңбегі деуге болады.
Бүгінде Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының білікті мамандары аорта қақпақшасын эндоваскулярлық импланттау бойынша жоғары технологиялық кардиологиялық операцияларды сәтті жасап жүр. Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарын катетерлік емдеу саласында соңғы үлгідегі инновациялық технологиялар пайдаланылады. Жүрек қызметінің кенеттен тоқтап қалу қаупі жоғары пациенттерге теріасты кардиовертер-дефибриллятор импланттау бойынша да оталар ойдағыдай өткен. Кеудені кеспей-ақ жүрек қақпақшаларына және коронарлық шунттау бойынша аз инвазивті операциялар, жүрек ырғағының бұзылысын коронарлық шунттау немесе жүрек ақауларын түзете отырып бір уақытта емдеу үшін ашық жүрекке криоаблация орындалады.
Дәрігер кеңесін ескерсек, жүрек ауруларының алдын алу үшін ең алдымен саламатты өмір салтын ұстану қажет. Бұл тұрғыда физикалық белсенділік пен тұрақты медициналық бақылаудың маңызы зор.
АЛМАТЫ
«Қазақстан халқына» қоры 2 мыңнан аса студентке білім грантын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:54
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:47
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Бүгін, 10:38
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:30
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:02
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Бүгін, 09:52
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Бүгін, 09:45
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Бүгін, 09:35
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Бүгін, 09:22
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар