Медицина • 01 Қазан, 2021

Обырды емдеу қанша қаражатқа түседі?

154 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Freedom Finance Life өмірді сақ­тандыру компаниясының ма­мандары зерттеу жүргізіп, отан­дық және шетелдік клиникаларда обырды емдеуге қазақстандықтар қанша қаражат шығаратынын анықтады.

Обырды емдеу қанша қаражатқа түседі?

ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, соңғы 20 жыл ішінде әлемде обыр ауруына шалдығу екі есе өсті. Яғни 19,3 млн жағдайға дейін. Дүние жүзінде былтыр обырдан 10 млн науқас қайтыс болды. Кеуде, өкпе, жуан ішек және еркек без обырымен адамдар жиі ауырады.

Денсаулық сақтау министр­лігінің мәліметтері бойынша, 2020 жылы Қазақстанда 32 мың­нан астам обырдың жаңа оқи­ғалары тіркелген. Олардың кей­бірі пациентке көмектесу өте күр­­делі жағ­дайға соғатын соңғы дең­гейінде анықталған. Есепке 190 мыңға жуық қазақстандық сырқат алынса, былтыр онкоаурулардан 14 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Қазақстанда онкоауруды ем­­деуді толық немесе ішінара ұсы­­натын 180-нен астам меди­ци­на орталығы тіркелген. Мұн­дай кли­никалар көбінесе Ал­ма­ты­да (81), Нұр-Сұлтанда (42) жә­не Қарағандыда (24) ор­на­лас­қан. Обырды емдеу қан­ша­ға түсе­ті­нін шамалау үшін онко­кли­ника­лардағы жиі көрсетілетін қыз­мет түрлерінің құнын байқап көрелік:

Маман кеңесі – 2 мыңнан – 20 мың теңгеге дейін.

Зерттеу және талдау жүргізу – бір талдама үшін 2 мың теңгеден басталады.

Ауруханаға жатқызу – тәу­лі­гіне 3 500 – 100 мың теңге.

Химиотерапия – 150 мың – 500 мың теңге.

Хирургия – операцияның күр­де­­лілігіне байланысты 10 мың – 800 мың теңге.

Шетелде емделу қажет болса, не істеу керек?

Дүние жүзінде обырды жа­ғымды емдейтін клиникалар және медицина мамандары баршылық. Бірақ көптеген қазақстандықтар оған қол жеткізе алмайды.

Отбасылық бюджетке ауырт­палық түсірмеуді, жақсы клиникада емделуді ойластырғандар не­месе отбасы өтемақы алаты­ны­на қам жемейтін адамдар – жіті ауру­­лардан емделу үшін ерікті сақтан­ды­руды таң­дайды. Аталған бағ­дар­ла­ма­­лар­дың ережелеріне сәйкес, егер сақ­­тандырылған адамға диаг­оз қойы­­латын болса, сақ­тан­дыру ком­па­ния­сы емделу шы­ғындарын ла­йық­ты шетелдік кли­никада төлейді.

«Бағдарламалар қазақстан­дық­тарға қолжетімді болу үшін сақтандыру нарығына «Ден­сау­лыққа жазылым» өнімі ен­гі­зілді. Бұл бағдарлама сомасы 1 млн дол­ларға дейін құрайтын шетелде емделу мүмкіндігін ұсы­нады: кар­диохирургия, тран­сплан­тация, оңал­ту және басқа да қымбат меди­циналық қызмет көрсету түр­лері бар. Жазылым құны – айына бір адам­ға 15,1 доллардан басталады. Төлемін өзіңізге қолайлы түрде жасауға болады. Одан басқа, отбасылық және кор­поративтік топтамалары бар», деп түсініктеме берді Freedom Finance Life ӨСК.