Бокс • 01 Қазан, 2021

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлының (10-0-0, 6 KO) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

 BoxingScene басылымының хабарлауынша, ол 37 жастағы француз, орта салмақтағы WBA және WBO бойынша экс-чемпион Хассан Н'Дам Н'Жикамға қарсы шығады. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген. Олар Лас-Вегаста 5 қараша күні екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы Микаэл Майер мен IBF белбеуінің иегері Майва Хамадуш андеркартында күш сынасады.

Айта кетейік, 29 жастағы Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін маусым айында Лас-Вегаста АҚШ-тың бұрынғы чемпион Роб Брантқа қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Ал Н'Жикам маусым айында Францияда венгриялық Габор Горбичті ұпай саны бойынша жеңген.

Соңғы жаңалықтар

КазLLM қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 15:25