Медицина • 01 Қазан, 2021

Дәрігерлерге үстемеақы төленбейтін болды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге үстемеақы төлеу тоқтайды. Есесіне, олардың жалақысы артады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігерлерге үстемеақы төленбейтін болды

Негізінен басымдық сұранысқа ие дәрігерлер мен 9 санат бойынша медицина қызметкерлеріне беріліп отыр. Олар: реаниматолог-анестезиологтар, инфекционистер, реаниматология және анестезиология бөлімінің анестезистері, эпидемиологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар, ядролық медицина орталығының мамандары мен патологоанатом дәрігерлер.

Бұған дейін министрлік аталған бағыттарда жұмыс істеп жатқандардың зиянды еңбек жағдайын ескере отырып, қосымша ақы төлеу қарастырылғанын хабарлаған болатын.