Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер еліміздің даму стратегиясының негізгі ұстанымын ұғынып, мәнін терең түсініп, оны іске асыруда жігерлілік танытуы қажеттігін ерекше атап өтті.
Халқымыздың әл-қуаты мен дәулетінің артуымен бірге мемлекеттік қызмет саласындағы айбынды жобалар іске асырылып жатқаны бізді қуантады. Реформа аясында қалыптасқан мемлекеттік қызметкерлердің «А» және «Б» корпустарына Жолдауда айтылғандай, үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктелген. Бұл міндеттерді мемлекеттік қызметкерлер болашақта зор сеніммен орындап шығатынына еш күмән жоқ.
Жолдауда «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2015 жылы 15 пайыз, 2016 жылы тағы да 15 пайызға көтеру туралы Елбасының шешімі мемлекеттік қызметкерлерге жасалып отырған қамқорлықтың шынайы көрінісі деп білеміз.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік қызмет саласындағы саясатты іске асыруда үлкен жауапкершілік артылған. Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексі талаптарын қатаң сақтап, берік ұстануымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы шарт. Сондықтан оларға моральдық қолдау көрсетіп, әрбір мемлекеттік қызметшіге тән этиканы сақтау, қалыптастыру бағытында жұмыстарды жүйелі жүргізу біздің алдымызға қойылған міндет. Алматы облысындағы 7 мыңнан аса мемлекеттік қызметкердің заңнама шеңберінде төл міндетін атқаруын бақылау барысында өңірдегі Тәртіптік кеңестің жұмысы маңызды. Адал, қарапайым, әділетті мемлекеттік қызметкердің қоғам мен халық тарапынан үлкен қолдауға ие болатыны сөзсіз. Ұлтына, дініне, шығу тегіне қарамай әрбір азамат мемлекеттік қызметке кіруге құқылы. Бүгінгі мемлекеттік қызметке іріктеудегі ашықтық, теңдік, заңдылық қағидаттарының үстемдік алуы халық тарапынан мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік билікке деген сенімінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Алматы облысындағы жағымды үрдіс ретінде мемлекеттік қызметке кірем деушілердің басым бөлігін жастар құрап отырғандығын ерекше атап өтуге болады. Мемлекеттік қызметке келіп, жұмыс істеймін деген азаматтар ойында бір ғана мәселені ұстау қажет, ол мансап, билікқұмарлық емес, тек елге деген адал қызмет. Адалдық пен жауапкершілігі бар азаматтар әрдайым, кәсіби өсіп-жетілуіне Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет саласына қатысты заңнамада кепілдік берілген.
Мемлекеттік қызмет саласында жасалған реформа нәтижесінде бүгінгі күні Алматы облысының аудандары мен қалаларында персоналды басқарудың бірыңғай жүйесіне көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты жергілікті жерлердегі кадр саясатының тиімді әрі нәтижелі іске асуын қалыптастыруға бағытталып отыр. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тарапынан жергілікті деңгейде құрылған персоналды басқару бөлімдерінің жұмысын жетілдіру мақсатында қажетті ақпараттық, әдістемелік көмектер көрсетіліп, қажетті шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бағыттағы ұйымдастырушылық шаралар алдағы уақытта да белгіленген жүйемен іске асатын болады.
Алдымызға қойылған міндетті орындау үшін бізде Елбасы айтқандай бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ болуы шарт. Елбасы 2050 жылға дейінгі еліміздің дамуының басым бағыттарын айқындап берді. Ұлтымыз үшін маңызды бұл Стратегиялық құжатты бір мүдде аясында іске асыруға кіріссек, алатын асуларымыз биік болмақ.
Марат ОРАЗАЛИ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша
департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы.
Алматы облысы.
• 07 Ақпан, 2014
Негізгі ұстаным – жылдың бас құжатын жүзеге асыру

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше