07 Ақпан, 2014

Негізгі ұстаным – жылдың бас құжатын жүзеге асыру

277 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Марат ОразалиЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қа­зақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер еліміздің даму стратегиясының негізгі ұстанымын ұғынып, мәнін терең түсініп, оны іске асыруда жігерлілік танытуы қажеттігін ерекше атап өтті. Халқымыздың әл-қуаты мен дәу­летінің артуымен бірге мем­лекеттік қызмет саласындағы айбын­ды жобалар іске асырылып жатқаны бізді қуантады. Рефор­ма аясында қалыптасқан мем­ле­кеттік қызметкерлердің «А» жә­не «Б» корпустарына Жолдауда айтылғандай, үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктелген. Бұл мін­деттерді мемлекеттік қызмет­кер­лер болашақта зор сенім­мен орындап шығатынына еш күмән жоқ. Жолдауда «Б» корпусындағы мем­лекеттік қызметкерлердің жалақысын 2015 жылы 15 пайыз, 2016 жылы тағы да 15 пайызға көтеру туралы Елбасының шешімі мемлекеттік қызметкерлерге жасалып отырған қамқорлықтың шынайы көрінісі деп білеміз. Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік қызмет істері агенттігінің ау­мақ­­тық бөлімшелеріне мемле­кеттік қызмет саласындағы саясат­ты іске асыруда үлкен жауап­кер­шілік артылған. Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-на­мыс ко­дексі талаптарын қатаң сақтап, берік ұстануымен қатар сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы тұруы шарт. Сондықтан оларға моральдық қолдау көрсетіп, әрбір мемлекеттік қызметшіге тән этиканы сақтау, қалыптастыру бағытында жұ­мыс­тарды жүйелі жүргізу біздің алдымызға қойылған міндет. Алматы облысындағы 7 мыңнан аса мемлекеттік қызметкердің заңнама шеңберінде төл міндетін атқаруын бақылау барысында өңірдегі Тәртіптік кеңестің жұмысы маңызды. Адал, қара­пайым, әділетті мемлекеттік қыз­мет­кердің қо­ғам мен халық тарапы­нан үлкен қол­дауға ие болатыны сөзсіз. Ұлтына, дініне, шығу тегіне қарамай әрбір аза­мат мемлекеттік қызметке кіруге құқы­лы. Бүгінгі мемлекеттік қызметке ірік­теу­дегі ашықтық, теңдік, заңдылық қағидат­тарының үстемдік алуы халық тара­пынан мемлекеттік қызмет пен мемле­кеттік билікке деген сенімінің артып келе жатқанын көрсетеді. Алматы облысындағы жа­ғым­ды үр­діс ретінде мемлекеттік қызметке кірем деушілердің басым бөлігін жастар құрап отырғандығын ерекше атап өтуге болады. Мемлекеттік қызметке келіп, жұмыс істеймін деген азаматтар ойында бір ғана мәселені ұстау қажет, ол мансап, билікқұмарлық емес, тек елге деген адал қызмет. Адалдық пен жауапкершілігі бар азаматтар әрдайым, кәсіби өсіп-жетілуіне Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы мемлекеттік қыз­мет саласына қатысты заңнамада кепіл­дік берілген. Мемлекеттік қызмет сала­сын­да жасалған реформа нәти­же­сінде бүгінгі күні Алматы облы­сының аудандары мен қала­ларында персоналды басқару­дың бірыңғай жүйесіне көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты жергілікті жерлердегі кадр сая­са­тының тиімді әрі нәтижелі іске асуын қалыптастыруға бағытталып отыр. Бүгінгі күні Қазақстан Рес­пуб­ли­касы мемлекеттік қызмет істері агент­тігі Алматы облысы бойынша депар­таментінің қыз­меткерлері тарапынан жергілікті деңгейде құрылған персо­налды басқару бөлімдерінің жұмы­сын жетілдіру мақсатында қажет­ті ақ­па­раттық, әдістемелік көмек­тер көр­сеті­ліп, қажетті шаралар ұйым­дас­тыры­луда. Бұл бағыттағы ұйымдас­ты­ру­­шы­лық шаралар алдағы уақытта да белгі­ленген жүйемен іске асатын болады. Алдымызға қойылған міндетті орын­дау үшін бізде Елбасы айт­қандай бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ болуы шарт. Елбасы 2050 жылға дейінгі елі­міздің да­муы­ның басым бағыттарын айқын­дап берді. Ұлтымыз үшін маңыз­ды бұл Стратегиялық құжатты бір мүд­де аясында іске асыруға кіріс­сек, алатын асуларымыз биік бол­мақ. Марат ОРАЗАЛИ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы. Алматы облысы.
Соңғы жаңалықтар