Елорда • 01 Қазан, 2021

Елорда әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

679 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қазан мен 14 қазан аралығында елорда әуежайында тексеру күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.

Елорда әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі туралы радио хабарламасы негізінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушыларды тексерудің күшейтілгені туралы хабарлайды. Осыған байланысты, халықаралық ұшулар терминалында 1-14 қазан аралығында әуе айлағының аумағына тыйым салынған заттардың әкелінуін болдырмау үшін бірінші тексеру желісі қойылды. Авиациялық қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты жолаушылардан әуежайға алдын ала келулеріңізді сұраймыз», деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.